«Біз Қазақстан халықтары ассамблеясы сынды тамаша институтты ЮНЕСКО тізіміне қуана енгіземіз. ЮНЕСКО көптеген бағыттар бойынша жұмыс істейді. Оның материалдық, материалдық емес мәдени мұралар сынды бағыттары, «тарихи ескерткіштер» номинациясы бар», - деді ол жұма күні Астанада өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, «Қазақстан халықтары ассамблеясы әлемдік өркениеттің игілігі атануға лайықты».
Елбасының жарлығы бойынша 2015 жыл Қазақстан халықтары ассамблеясы жылы болып жарияланған болатын.