Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр


Бұл туралы sputniknews.kz жазады.

Тұрақты тіркеу мекен жайы бойынша тұрмайтын қазақстандықтар, енді тұрғылықты жерде уақытша тіркелуге міндетті. Ол тәртіпті орындамаған жағдайда 10 АЕК (22690) мөлшерінде айыппұл салынады.  Қазақстанның өзге өңірлерінен жұмыс істеуге келген мыңдаған адамдар тұратын Астана мен Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер байқалуда.  Заңға түзетулерді әзірлеушілер бұрын уақытша тіркелу үшін адамдарға 15-20 минут уақыт қажет деген болатын. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Себебі – орындарда толық ақпараттың болмауы. Сол үшін адамдарға  бірнеше кезекке тұруға тура келіп жатыр.