Қазақстан командасы Лос Анжелестегі әлемдік бокс сериясында жеңіске жетіп, финалға шықты

«Лос Анджелестегі 17-ші сәуірде «Лос Анджелес матадорс» командасы мен «Астана Арланс» КСК арасында әлемдік бокс сериясында (WSB) өткен кездесу 3:2 есебімен «Астана Арланс» КСК командасының пайдасына шешілді, делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, финалдық кездесулер 6-7-ші мамырда Қытайда өтеді, 27-28-ші мамырда жеке чемпионат өтіп, онда әр салмақ категориясында WSB чемпиондары анықталады.