"Қазақстан үшін 2015 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық экспорттаушы компаниялардың теміржол арқылы кемежайларға тасымалдауға ішкі тарифтерге ие болғандығы аса маңызды болып отыр.
Бұл біздің өнімді арзандатты. Біз көмірді тіпті Жапония мен Польшаға тасымалдай бастадық”, деді Н.Радостовец Астанада сәрсенбіде VI MINEX тау -кен өнеркәсібі форумы барысында. Әзірге ол елдерге көмірдің аз ғана бөлігінің тасымалданып отырғандығын атап өтті.
"Біз қазір көмірді еуропалық елдерге тасымалдау жолдарын қарастырудамыз. Ресейлік нарықтан аздап айырылып отырмыз”, деді ол.
Ол атап өткендей, бұрындары қазақстандық көмір сатып алып келген ресейлік электр станциялары ресейлік көмірге көшкен.
Оның айтуынша, бүгінгі күнде Қазақстанның көмір қоры үлкен.
Көмірді пайдалануға экологиялық талаптар мүмкіндік беріп отырғанда, бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек, деді ол.