"Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз. Өткен жылы 52,3 млн тонна Қазақстан мұнайы тасымалданған, оның 42 млн тоннасы Ресей арқылы, КТК арқылы, Атырау - Самара мұнай құбыры мен Орынбор арқылы өткен",- деді Н. Назарбаев.
"Қазір Каспий құбыр консорциумының қуатын - 23 - тен 40 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі тұр, оны біз Владимир Владимирович екеуіміз жан-жақты талқыладық"- деді Қазақстан Республикасының президенті.
Оның пайымдауынша, "дәл осы қосылған 17 млн тоннаны Бургас - Александруполисқа жіберуге болады". "Бұл жобаға Қазақстан да қатысуға ниет білдіріп отыр және біз Ресей жағынан көрсетілген қолдауға ризамыз",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, екі жақ жаңа мұнай құбырын салу мен қолданыстағы құбырды кеңейту бір кезде аяқталу үшін Бургас - Александруполис мұнай құбырын тарту мен Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыруды қатар жүргізуге келісіп, бірлескен іс-шаралардың жоспарына жазды.
Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың журналистерге түсіндіруінше: "Каспий құбыр консорциумын кеңейту және Бургас - Александруполис мұнай құбырын тарту жобаларының өзара сабақтастығы бірінші жоба аяқталғанда Қара теңізге келетін мұнайды Бургас - Александруполис арқылы одан әрі тасымалдау үшін қажет". "Оған Қазақстан Греция мен Болгарияның 49 пайыз үлесі есебінен қатыса алады",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті