Қазақстан көмірсутек шикізат қорын құрмақ

Қазақстан табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану бойынша әзірленген тұжырымдамаға сәйкес табиғи ресурстар өндірісінің қарқынын арттырмақ, деп Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.


           «Әзірленген тұжырымдама жобасында сегіз басым мақсат айқындалған: табиғи ресурстарды әрі қарай зерттеу, жаңа кеніштерді іздеу және есепке алу, өндіріс қарқыны мен ел мүддесіне сай жоғары әлемдік сұранысты пайдалану үшін табиғи ресурстардың әлемдік нарығына жеткізулерді арттыру, көмірсутек шикізатының стратегиялық қорын құру», - деп министр бүгін Астанада үкімет отырысында тұжырымдама жобасын таныстыру кезінде атап көрсетті.
           Әзірленген құжат мақсаттары арасында отандық өндірістің жанармай материалдарымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бар.
           Үкімет шикізат өндіру және өңдеудің заманауи технологияларын пайдаланған, жаңа өндіріс құрған жағдайда ғана шетелдік инвестиция тарту шарттарын құрмақ.
           Құжатқа сәйкес, өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістер енгізуі тиіс болады.