Қазақстан компанияларында мамандардың тұрақтамауы 10% құрайды - БТА сақтандыру тобы

Зерттеу мәліметтері бойынша, Қазақстанда мамандардың жұмыс ауыстырулары кейін ұлғаятын болады, өйткені еңбек нарығындағы сұраныс көлемі өсті. "Жұмыс орындары ұлғайды, банк секторында үлкен қысқартулар жүріп жатыр, ал өндіріс, мұнай, құрылыс салалары ақырындап дамып келеді дегендей үрдістер еңбек нарығында байқалады",- деп атап өтті сақтандыру тобының қызметкерлері.

Е. Асқарбековтың сөздері бойынша, сауда өкілдері, аймақтық супервайзерлер орта есеппен бір орында 1,5 жыл жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері де осынша уақыт бір ұйымда қызмет атқарады. Ал өндіріс орындарында бұл көрсеткіш 3 жылды құрайды.

Сақтандыру тобының өкілі атап өткеніндей, Қазақстанда еңбек нарығы мен рекрутмент "клиенттерге үлкен көлемде сұраныс болғандықтан қарқынды дамуда". Компаниялардың басым бөлігі жұмысшыларды агенттіктердің қызметін пайдалану арқылы тауып отыр. Алматыда ондай агенттіктер саны 50-60 жетеді.

"Егер 5 - 7 жыл бұрын біздің нарық жұмыс берушілердің уысында болып, компаниялар өз шарттарын тықпаласа, қазіргі уақытта ол кандидаттардың нарығына айналуда. Олар енді өздерінің талаптарын қоюда ", деп есептейді Е. Асқарбеков.

Оның ақпараты бойынша жаңа жұмыс орындарын іздегендердің 90 % еңбек ақы көлемінің ұлғаюын меңзейді. Сонымен бірге нарықты зерттеушілердің пікірі бойынша, жұмыс іздеушілер үшін монетарлық фактор бұрынғыдай бірінші кезекті тұрған жоқ. "Адамдар компаниядағы жұмыстың болашағына, қызмет бабы бойынша өсу жағдайына көбірек назар аударуда", - делінген есеп құжатында.

"Еңбекақысы төмен қызметкер үшін ($500 маңында) әсіресе әлеуметтік пакет маңызды", - деп атап өтті Е. Асқарбеков. Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі күні жұмыс беруші мамандардың тұрақтамауын азайту үшін, өзінің қызметкерлерін байланыс, көлік, азық түлік, сақтандыру полистерімен қамтамасыз етуге тырысады. Ал кейбір компаниялар қызметкерлер үшін фитнес орталықтарындағы абонентерін сатып алып, балабақша мен мектептердің ақысын төлеуде.