Қазақстан компартиясының әділет министрлігімен соттаспақ ойы бар

"Партия мүшелерінің санын тексеруге қатысты әділет министрінің (Берік Имашев – ИФ-Қ) 3-4 адамның арызы негізінде бұйрық шығаруын бірінші рет көріп отырмын. Бұйрықта облыс бөлімшелері Компартияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тексерсін делінген", деді Алматыда дүйсенбіде баспасөз мәслихатында ҚКП ОК бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров.

"Конституцияға және саяси партиялардың қызметі туралы заңға орай біз өз ісімізбен, мемлекет өз ісімен айналысуға тиіс. Олар біздің іске араласпауға тиіс", деді ол.

Осы орайда ҚКП басшылығы әділет министрі Б.Имашевтің үстінен сотқа арыз берген.


"Соттан министрліктің іс—қимылдарын заңсыз деп тануды сұраймыз. Осы аптада сот болатын шығар", деді ол.