Қазақстан композиторларының шығармаларын бүкіл әлем пианистері орындайтын болады

Бұл туралы байқаудың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Astana Piano Passion» байқауының бағдарламасының міндетті тармақтарының бірі Қазақстан композиторының шығармасын орындау болып табылады. Өздерінің бірегей шығармаларының ноталарын ұсынып, композиторлар оларды әлемнің әр түрлі фортепиано мектептерінің атынан қатысатын балалардың орындауында тыңдай алады. Сонымен қатар, осы пьесаны үздік орындауға арнайы сыйлық қарастырылған», - деп айтылған хабарламада.

Ұйымдастырушылар Қазақстан композиторларына жолдаған ресми хатта: «Сіздердің баға жетпес үлестеріңіз Қазақстан мәдениетінің халықаралық сахнада жоғарылауына ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан жастарының өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани тәрбиесінің маңызды құрам бөлігі - фортепиано өнері және музыкаға деген қызығушылығын арттырады»,- деп түсініктеме берілген.


Қазақстан композиторларының ноталары ұйымдастыру комитетінде 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады. Содан кейін жас пианистер Қазақстан авторларының шығармаларын жаттай бастайды. Бұл шығармаларды 2014 жылдың мамыр айында екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауын өткізу кезінде барлық қызығушылар тыңдай алады.