Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа енді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы тәулікте елімізде 2356 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты, ал 1128 адамнан коронавирус анықталды.

Қазақстанның эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек 3 өңір ғана «қызыл» аймақта тұр. Олар: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.