Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет әкелуге тыйым салды

А.Есімовтың айтуынша, бұл шара "аталмыш елдерде малдың аусыл дертіне шалдыққандығы туралы халықаралық эпизоотикалық бюроның хабарламасына сәйкес" қолданылып отыр. "Мұндай мәлімет айрықша алаңдаушылық тудырғандықтан біз шекараны жабуға мәжбүрміз" ,- деді А.Есімов.

"Халықаралық эпизоотикалық бюро бұл елдерде індет қаупі жойылғандығын анықтаған жағдайда ғана тыйым алынады",- деді А.Есімов.
Осы орайда ауылшаруашылығы министрі Қазақстан әзірге құс тұмауы белең алған елдерден ет импорттауға тыйым салу шарасын қолданбайды деп мәлімдеді. А.Есімовтың айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізге аталмыш аймақтардан құс еті әкелінбейді. "Құс еті негізінен елімізге АҚШ-тан әкелінеді",- деді ол.