Қонақтар матч басталғаннан кейін-ақ өз мүмкіндігін оңтайлы пайдаланып, 4-минутта Роман Пахолюк есепті ашты. 25-минутта «Ақжайыққа» чемпионат арасындағы үзілісте жаңадан қосылған чехиялық шабуылшы Павел Черны есепті теңестірді. Дегенмен 90-минутта Мансур Гуйе «Ордабасыға» жеңіс әперді. Сөйтіп ойынның басы мен соңында сәтті қимылдаған шымкенттіктер алаң иелерін ұтып кетті.
Қарымта кездесу 27 маусым күні өтеді.
«Ордабасы» - еліміздегі мықты командалардың бірі, 2012 жылғы суперкубоктің иегері.