Қазақстан кубогы үшін он команда таласуда

Кеше турнирдің алғашқы матчтары бойынша Көкшетаудың «Арланы» «Ертістің» хоккейшілерін 4:0 есебімен жеңсе, теміртаулық «Арыстан» құрамасы Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо-2» командасын 9:2 ойсырата ұтты. «Барыс-2» - «Сарыарқа - 2» ойыны 3:4 болып аяқталды. Ал «Бейбарыс» «Астананың» жігіттерін 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгін «Алматы» - «Қазцинк-Торпедо-2» және «Горняк - Барыс-2» ойындары өтеді. Осыдан кейін фавориттердің кестесі құрылатын болады. Жалпы, Қазақстан кубогы үшін биыл он команда таласуда.