Қазақстан кубогының ширек финалында алматылық волейболшы қыздар қарағандылықтарға есе жіберді


Олар қарағандылық құрдастарына 3:1 (25:22, 25:22, 23:25, 25:21) есебімен есе жіберді. Бұл күні сондай-ақ Алматы облысының «Жетісуы» Орал қаласының «Грация-KZ», астаналықтар Теміртаудың «Металлург АМТ» , ал Павлодар облысының "Ертіс-Қазхромы" Өскемен қаласының "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс" командалары арасындағы ойындарда 3:0 есептері тіркелді. Бүгін оралдықтар мен теміртаулықтар, алматылықтар мен астаналықтар, өскемендіктер мен қарағандылықтар және Алматы мен Павлодар облыстарының волейболшылар өзара шеберлік байқасады. 11 қыркүйекке дейін созылатын бұл бәсекеде командалар сенбі күні бір күн тынығып, ертесіне жарысты қайта жалғастыратын болады.