Қазақстан лаңкестікпен күрес мақсатында әзірге күш құрылымдарының санын арттыруды көздеп отырған жоқ

"Қазіргі жағдаймен елімізде "Арыстан" бар, сол себепті Қазақстанда лаңкестікпен күреске бағытталған күш құрылымдарының санын арттыру туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ",- деді В.Божко. Оның айтуынша, бұл мәселе "қыруар қаржы талап ететіндіктен әзірге шешімін табу қиын".

Сондай-ақ, сенат депутаттарының ҚР ҰҚК-нің арнайы бөлімшелерінің жұмысы туралы сауалдарына жауап берген В.Божко "бұл құрылымдардың жұмысында санға байланысты кейбір қиындықтар, әрине, бар",- деп атап көрсетті.