Қазақстан Лондонда өткен көктемгі халықаралық қайырымдылық жәрмеңкеге қатысты

Жәрмеңкені Ұлыбританияның халықаралық әлеуметтік қызметі 40 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Қазақстанға арналған стендті осындағы Қазақстан елшілігі Астана қалалық әкімшілігімен бірлесе жабдықтады. Сонымен бірге оны құрастыруға жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері де атсалысты.

Жәрмеңке аясында Қазақстан туралы бейнематериалдар көрсетіліп, қатысушылар ұлттық фольклорлық саз өнері туындыларымен танысты. Көремендер назарына қолөнер бұйымдары, ұлттық базарлық заттар, ұлттық киімдер, ағаш, тері, күйіктас пен қыштан жасалған бұйымдар ұсынылды.
Оларды сатудан түскен қаржының бір бөлігін елшілік Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасы өкілдерінің мәдени бағдарламаларына арнауды көздеп отыр.