Қазақстан Мәскеу көрме орталығында егемендік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді

№75 көрме павильонында ТМД елдері Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан өз топтамасын көрсету үшін 504 шаршы метр аумақты жалға алды. Көрмеге Қазақстанның 30 компаниясы қатысатындығын қуаттаған.

Қазақстанның көрме топтамасында «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ сияқты басқа да ірі ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың туындылары қойылады.