Қазақстан мектептерінде патриотизм сабағы пайда болады – министрлік түсіндірді

Бұған дейін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева алдағы оқу жылының оқу-тәрбие үдерісінің бір ерекшелігі – 5-11-сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» атауымен курстың енгізілуі екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы 5-11-сыныптарда факультатив форматында оқытылатынын түсіндірді.

Курс мынадай модульдерден тұрады:

  • Қаржы сауаты және кәсіпкерлік негіздері,

  • «Азаматтық»

  • «Адалдық және этика»

  • «Экологиялық мәдениет»,

  • «Сыни тұрғыдан ойлау»,

  • «Зайырлылық және дінтану негіздері»,

  • «Медиасауат».

  • Балалар сыныптары мен жас ерекшеліктеріне қарай аталған бағыттар бойынша оқытылады.Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі