"Мен Сізді Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келуге шақырамын", - деді БАӘ президенті екі жақты келіссөздер барысында.
Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаянның Қазақстанға бірінші ресми сапары екенін атап өтті. "Сіздің қазақ халқына деген айрықша назарыңыз екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін паш етеді", -деді ол.
Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $304 млн, ал ағымдағы жылдың бес айында $140 млн болды.