"Еліміз бен дүниежүзіндегі барша мұсылмандарды ұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын",- деді Астанадағы мешітке келген Елбасы. "Елімізде ұлтаралық келісім, татулық пен сенім мәңгілікке орнықсын деп тілеймін. Барлық игі тілектер Алланың құлағына шалынсын",- деді Қазақстан мемлекет басшысы. Елбасы барша жұртшылыққа бақыт пен ырыс тіледі.