"Н. Назарбаев В. Путинге Ресей Федерациясының президенті болған кезеңдегі көпжылдық ынтымақтастығы мен етене жақын әріптестік ықпалдастығы үшін ыстық ықыласпен ризашылық білдірді", - делінген хабарламада. Екі жақтан да көп жақты Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының қол жеткізілген деңгейіне жоғары баға берілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында президенттер екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті тұстарын талқылады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сұхбат Қазақстан жағының бастамасымен жүргізілді.