"Президент әкімшілігінің жетекшісі Дархан Қалетаев басқарған Қазақстан делегациясы 28 - 30 сәуірде жұмыс сапарымен Сингапур Республикасына барады. Сапардың басты мақсаты - мемлекеттік басқару және жоспарлау саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ, тиісті органдардың басшылығымен екі жақты келіссөздер жүргізу", -деді Е. Ашықбаев.
Оның хабарлауынша, "сапар аясында Қазақстан өкілдері танысу мақсатымен "Биополис" технопаркінде, Джуронг аралындағы өнеркәсіптік аймақ пен Кеппел айлағында болады".