Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы екі жақты ынтымақтастық жағдайына, қазақстан-американ қарым-қатынасының даму қарқынына оң баға берді.
Даниал Ахметов екі ел арасында қазіргі таңда 93 келісімге, соның ішінде ведомствоаралық 30 келісімге қол қойылғанын атап өтті .
Дональд Рамсфельд премьер-министрді Ирак пен Ауғанстандағы жағдайға байланысты кейбір мәселелерден хабардар етті. Ол Қазақстанның АҚШ тарапынан жүзеге асырылған және антитеррорлық коалиция күштерінің лаңкестікке қарсы әрекеттеріне қатысты ұстанымының маңызын атап көрсетті.
АҚШ қорғаныс министрі қазақстандық бітімгершілердің Ирактағы коалициалық тұрақтандыру күштерінің құрамында өз міндеттерін жемісті атқарып жүргенінен толық хабардар екенін айтты.
Қазақстан тарапынан Иракқа экономикалық жағынан, сондай-ақ азық-түлік пен құрылыс материалдарын жеткізуде қолғабыс көрсетуге дайын екені жеткізілді.