Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқармасы мен Сандий ұлттық зертханасының сарапшылары "Иондаушы сәуленің бақылаусыз көздерін іздестіріп, қауіпсіз жерге сақтау" тақырыбына арналған семинар-тренинг аясында еліміздің мамандарына дәріс оқыды. Еліміздегі ҚР Ұлттық ядролық орталығы, "МАЭК-Қазақстан" ЖШС, Үлбі металлургиялық зауыты сынды еліміздегі 5 ірі кәсіпорындар мен институттарда қызмет атқаратын 25 адам семинар-тренингіге қатысты. Тренинг барысында пайдаланылған жабдықтар радиоактивті көздермен жұмыс істейтін еліміздің кәсіпорындарына ақысыз таратып берілді.
Р.Миэннің айтуынша, қазақстандық физиктерді оқыту туралы бастаманы республика үкіметі көтерген.