Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық аспектілерін, соның ішінде денсаулық сақтау саласын реформалау және республиканың медициналық қызметкерлерінің білім деңгейін көтеруді талқылады. Осыған байланысты үкімет басшысы екі елдің оқу және ғылыми мекемелері арасындағы байланысты белсенді жүргізуге, жоғары оқу орындарының -оқытушы- профессорлар құрамы мен студенттер алмасу мүмкіндіктері артатынына үміт білдірді.
"Қазақстан қазіргі таңда медицина саласы қызметкерлерінің білім деңгейін одан әрі арттыруға мүдделі",- деді Даниал Ахметов. "Бұл жұмыстар дәрігерлердің қазіргі ахуалына әсер етіп қана қоймай, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің психологиясына да ықпалын тигізуі тиіс".