"Сапар мақсаты - Қазақстан мен Американың табиғат қорғау ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, табиғат қорғау заңын бұзғандарға санкция қолдану бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстан аумағын зиянды қалдықтардан тазарту жөніндегі жобаларға АҚШ мамандарының қатысу нәтижелерімен танысу", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің Нью-Йорк пен Денвердегі кеңселерін аралау барысында екі елдің табиғат қорғау мекемелерінің өкілдері қоршаған ортаны тазарту бойынша жобаларды жүзеге асыру механизмдерін талқылады.