Қазақстан мен АҚШ ұлтаралық есірткі қылмысына қарсы күресте күш-жігерді біріктіру маңыздылығын атап көрсетуде

қарсы күрес агенттігінің аймақтық басқару директорының міндетін атқарушысы кіші Дональд Барнспен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық, ең алдымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

А.Дауылбаев Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастыққа, жедел ақпарат алмасуға және осы саладағы АҚШ тәжірибесін зерттеуге дайын екенін атап көрсетті.

Тараптар ұлтаралық ұйымдасқан есірткі қылмысына қарсы күресте күш біріктіру, есірткі жеткізу каналдарын анықтауға агенттік мүмкіндіктерін пайдалану, мұндай қылмыстарды тексерудің озық әдіс-амалдарын үйрету маңыздылығын атап көрсетті.