Қазақстан мен Аргентина екі ел азаматтары үшін визалық режимнің күшін жояды

Құжатқа жұма күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Аргентинаның Сыртқы істер және ғибадат министрі Эктор Маркос Тимерман қол қойды.

Қазақстандық министрдің айтуынша, бұл келісім «екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашып береді».

Э.Тимерман ресми сапармен Астанада жүр.