Қазақстан мен Әзербайжан әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайтады

Бұл туралы Бакуде Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге қатысты өткен салтанатты қабылдауда ҚР-дың Әзербайжандағы елшілігінің әскери атташесі Алмас Базарбаев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Әзербайжан мен Қазақстан теңіз қауіпсіздігі саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті және осы мәселе бойынша қазір сәйкес құжаттар әзірленуде.

Сонымен бірге мамыр айының соңында Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің және "Kazakhstan Engineering" қорғаныс кәсіпорнының өкілдері Бакуге келеді деп күтілуде. Олар екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөздер жүргізеді.


Елшіліктің әскери атташесінің сөзіне қарағанда, қазір жұмысшы топтар деңгейінде Әзербайжанның Қазақстанда құрастырылатын қазақстандық-еуропалық өндірістегі "Eurocopter EC145"  тікұшақтарын сатып алу мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.