Мәжіліс депутаттары палатаның сәрсенбідегі отырысында «Қазақстан мен Азия даму банкінің «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Шымкент-Ташкент учаскесін салу үшін 125 млн доллар бөлу туралы келісімін мақұлдады.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің айтуынша, келісімге 2013 жылдың 28-мамырында қол қойылған.
Азия даму банкі Қазақстанға 125 млн доллар көлемінде несие береді. Заемды өтеу мерзімі 16 жыл, оған қоса 4 жылдық жеңілдік мерзімі қарастырылған. Пайыздық мөлшерлемесі LIBOR+0,6%-ға тең.
Қазақстан үкіметі жобаға 22 млн теңге бөледі. Республикалық бюджеттен алынатын қаржы құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыруға және салық төлеуге жұмсалмақ.