Қазақстан мен Азиялық даму банкі ынтымақтастық туралы нобайлы келісім бекітті

Келісімге АДБ президенті Такехико Накао және Қазақстан премьер министрі Кәрім Мәсімов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бүгін Астанада Азиялық даму банкінің 47-ші жылдық отырысының ашылу салтанатында қол қойды.

Банк президенті мәлімдегендей, осы келісім негізінде Қазақстан Ұлттық қоры мен АДБ экономикалық әртараптандыруды қаржыландыру, Қазақстанда тұрақты даму мен инклюзивтік өсім мақсатында бірлесе жұмыс істейді.