Қазақстан мен Башқұртстан өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруге пейіл

"Өзара танысып-білісу кезеңі тез арада аяқталып, ол белсенді байланыстарға ұласуы тиіс",- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Башқұртстан республикасынан құрылыс материалдарын, соның ішінде цемент пен әйнек алуға қызығушылық білдіреді. Сондай-ақ, республика мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастықтан да мүдделі.
Өз кезегінде М.Рахымов тараптардың екі жақты ынтымақтастықты дамытуға деген құлшынысын растап, "ол үшін ауқымды жұмыс алаңы бар" деп атап көрсетті.
ҚР СІМ-нің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2003-жылы 236 млн. долларды құраса, 2004-жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 209 млн. долларға жетті. Қазақстаннан экспортталатын тауарлар арасында минералды өнімдер, отын, азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылық шикізаты басым. Башқұртстан елімізге мұнайхимиясы өнімдерін, гербицидтер мен құрылыс материалдарын сатады.