"Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымын 500 млн долларға жеткізуге мүмкіндік бар", - деп атап өткен С. Сидорский, "кейінгі 5 жылда екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 10%-ке өсті", деп нақтылады.
Беларусь үкімет басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстан Беларусь мемлекетінің Орталық Азиядағы ірі экономикалық әріптесі болып табылады. "Бұл шараның мақсаты - Қазақстан мен Беларусь арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру, іскерлік ынтымақтастық аясын кеңейту болып табылады. Екі елдің компаниялары мен кәсіпорындары арасында ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қазірдің өзінде қол қойылып үлгерді", - деді С. Сидорский.
Өз кезегінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қазіргі жағдаймен "жоғары дәрежелі саяси сенімге, өзара сыйластық пен тең құқылы әріптестікке негізделген сапалық жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың іргетасы қаланды", деп атап өтті.
ҚР СІМ-нің мәліметінше, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың бірінші жартысында $250,1 млн (экспорт - $67 млн, импорт - $182,4 млн) жетті. 2006 жылы тауар айналымы $355,3 млн, 2005 жылы - $234,5 млн болған.
Қазақстанға Беларусь елінен ауылшаруашылығы машианалары, жол техникасы, тракторлар, жүк тиелетін автокөліктер, тоқсатылар, тоңазытқыштар, жиҺаз, доңғалақтар мен дәрілік өнімдер импортталады.
Қазақстаннан Беларусь еліне прокат, подшипниктер, аккумуляторлар, мақта, транспортер ленталары мен басқа да көптеген өнім түрлері экспортталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті