Қазақстан мен Беларусь үшін ауылшаруашылығы техникасы мен астықтың қарама-қарсы саудасы тиімді - ҚР үкімет басшысының орынбасары

С.Мыңбаевтың хабарлауынша, комиссия отырысында "Қазақстанға сатылатын Беларусь ауылшауашылығы техникасы мен Қазақстан астығын Беларуьқа сату мөлшерін арттыра түсу" мүмкіндіктері сарапқа салынды.

С.Мыңбаевтың айтуынша, "тараптардың басты ұсынысы тракторды астыққа айырбастауға саяды. Бірақ Қазақстан мен Беларусь екі ел арасындағы сауда операцияларын күрделілендірудің қажеті шамалы екенін, сол себепті Қазақстанның ауылшаруашылығы техникасын , ал Беларусьтің астықты қарама-қарсы саудаласуы тиімді дегенді ұғынады" .
Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Беларусь үкімет басшысының орынбасары Роман Внучконың мәлімдеуінше, "Қазақстан мен Беларусь кейбір шаруашылықтардың тракторды астыққа тікелей айырбастау тәсілін қолдану мүмкіндігіне шектеу қоймайды. Алайда, мемлекеттік деңгейде қарама-қарсы сауда тіптен тиімдірек".
С.Мыңбаев ортаға салған мәліметке сүйенсек, соңғы үш жылда Қазақстан Қазагроқаржы ұйымының желісімен Минск трактор зауытынан 341 машина сатып алған. Ал Р.Внучконың айтуынша, 2003-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 46 процентке артты.
Комиссия жұмысының барысында қол жеткізілген келісімдер "екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға және екі ел халқының байлығының арта түсуіне септігін тигізетіні анық",- деді Р.Внучко.
Комиссия сондай-ақ, Беларусьта өндірілген ауылшаруашылығы техникасына Қазақстан аумағында сервистік қызмет көрсету орталықтарын құру, Минскде Астана күндерін ұйымдастыру, сондай-ақ, Беларусь астанасында Абай Құнанбаевқа, ал Астанада 19-ғасырдағы Беларусь ақыны, ғалым Франциск Скаринге паритетті негізде ескерткіштер тұрғызу туралы мәселелерді қарады. Бұған қоса 90-шы жылдардың басында ұлттық валюталар айналымға енгізілгенге дейін екі ел арасында түзілген берешектер мәселесін өзара үйлестіру мәселесі де тәптіштелді.
Комиссия отырысы барысында халықаралық автокөлік байланысы туралы үкіметаралық екі жақты келісімге қол қойылды. Р.Внучконың бағалауынша, бұл келісім "екі ел арасындағы жүк тасымалын реттеумен бірге оны оңайлата түседі". Сонымен бірге Беларуссияда өндірілген тауарларды Қазақстанға және кері бағытта тауар сатуда жанама салықтар салу мәселесі де дәйектелді.
Үкіметаралық Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық комиссиясының кезекті төртінші отырысы Минск қаласында 2004-жылдың төртінші тоқсанында өтеді.