Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыруға келісті

"Келіссөздерде сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі ұлғайту тетіктері талқыланды. Атап айтсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстандағы шағын және орта бизнес жобаларына тәжірибе, технологиялар мен инвестициялар тарту үшін екі елдің кәсіпкерлік орталары арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру қажеттігі айтылды. Осы тұрғыда екі елдің іскерлік кеңесі мен үкіметаралық комиссиясының іс-қызметін пәрмендендірудің маңызы зор",- делінген хабарламада.

Екі елдің көшбасшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында саяси саладағы ынтымақтастық өзара сенімділік және конструктивтік сипатта екенін айтты. "Тараптар шешуші халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын атап өте отырып, БҰҰ, Ислам Конференциясы ұйымы және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың аясындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз берілетінін жеткізді", - делінген баспасөз баянынында.

Қазақстан жағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстанның "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеу" тақырыбында мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің форумын өткізу жөніндегі бастамасына көрсеткен қолдауына жоғары баға берді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.