Қазақстан мен Болгария сотталған адамдарды ұстап беру туралы шартқа қол қоюға дайын

Болгарлық әріптесін Қазақстан жерінде қошеметтей отырып, А. Дауылбаев құқықтық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың достық және құрылымдық сипатын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.  

         Әріптестер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Болгарияның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті. Тараптар жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдау үшін күштерді жұмылдырудың қажеттілігін баса айтты.

         Кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, оның ішінде қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

         Сұхбаттасушылар құқықтық ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылықтарын, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге, оның ішінде Сотталған адамдарды ұстап беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

А.Дауылбаев біздің еліміздің прокуратура органдарының халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтық қауымдастыққа кірігу үрдісіне үлкен көңіл бөлетіндігін атап өтіп, Болгария мемлекетімен ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударды.


Тараптар қылмысқа қарсы тұру, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан мен Болгария құзіретті органдарының арасындағы өзара ықпалдастықтың қалыптасқан деңгейіне ризашылықтарын білдіре отырып, екі ел халқының мүддесі, тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.