Қазақстан мен Чехия болашақта гуманитарлық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр - Н.Назарбаев

Мемлекет басшысының болжамына жүгінсек, гуманитарлық сала бойынша екі ел арасындағы ықпалдастық туралы келісімге Қазақстан президентінің Чехияға сапары кезінде қол қойылуы мүмкін. Н.Назарбаев бүгін В.Клауспен келіссөздер барысында Чехия Республикасына ресми сапармен келіп қайту туралы шақыру алды.

Қазақстан президентінің айтуынша, құжатта мемлекетаралық студент және мәдени алмастық мүмкіндіктері қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, "туризм саласын дамыту мәселесі бойынша Чехияның үлкен тәжірибесі еліміздің туристік агенттіктері үшін маңызды әрі қызғылықты болуы мүмкін",- деді Н.Назарбаев.
Елбасы : "қазақстандықтар Чехияны жақсы біледі, көпшілігі онда барып тұрады және бұл елді жақсы көреді" дей келіп, өзінің де осынау таңғажайып елде бірнеше мәрте болғанын жеткізді.