Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы ойын Алматыда өтуі мүмкін


Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Аталмыш кездесу 10-шы маусым күніне жоспарланған. Алайда бұл уақытта Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі өтуіне байланысты, матч оңтүстік астанаға ауысуы мүмкін. Бірақ ойын Алматыда өту үшін УЕФА лицензиясын алуы қажет.

Айта кетейік, Александр Бородюк бастаған Қазақстан құрамасы екі ұпаймен С тобының соңында қалды. Ал қоржынында 7 ұпайы бар Дания құрамасы үшінші сатыға жайғасқан.