Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықты кеңейту келіссөздерін жыл соңына дейін аяқтамақ

Келісім жобасында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру болашағы және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуді ескере отырып, ынтымақтастық салаларын кеңейту, сауда-инвестициялық әрі экономикалық бөлімдерді жаңғырту мәселелерін қарастыру көзделген.

Келіссөздер барысында тараптар келісім жобасындағы «Сауда және инвестиция», «Экономикалық және тұрақты даму салаларындғы ынтымақтастық», «Ынтымақтастықтың басқа да бағыттары», «Қаржылық ынтымақтастық» бөлімдерін талқылауға ниетті.


Қазақстан мен ЕО жаңа келісімнің жасалуына тең дәрежеде мүдделі. Тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін келісім бойынша келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отыр.