Қазақстан мен Еуропа арасындағы саяси диалог оң дамып келеді - Назарбаев

"Еуропа кейінгі жылдары Қазақстанның басы сауда әріптесіне айналды. Саяси диалог та оң дамып келеді. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауы туралы шешімді осылай ғана бағалауға болады", -деді ол.

Бұл шешім Қазақстанды "Еуропаға апарар жол" атты арнаулы бағдарламаны жасауға итермеледі. "Ол біздің Еуропа елдерімен энергетика, транспорттық транзит, технологиялар трансферті, білім беру саласындағы ықпалдастық пен гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдете түсуге деген қызығушылығымызды көрсетеді. Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауының халықаралық күн тәртібін жасауға баса назар аударылатын болады", - деді президент.

"Біз қаіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын шешу мен мәдениетаралық және конфессияаралық диалогқа түрткі болуға назар шоғырландыруды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат - жұмылған жұдырықпен қол алысуға келмейтінін тағы бір мәрте еске салу", - деп мәлімдеді ол.

"Біздің мақсат - Еуропадағы жаңа бөліну сызықтарының тігісін жатқызуға, ұйымның Еуроатлантикалық және Еуразиялық жауапкершілік "аймағы" елдері үшін біріктіруші факторларды іздестіруге септігімізді тигізу", - деді президент.

Оның пікірінше, "қауіпсіз, тұрақты әрі болжамды Орталық Азия құру мәселесі өз алдына бір төбе мәселе". "Бұл тұрғыда біз Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен әріптестік стратегиясын белсене жүзеге асрудан үміттіміз. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы шиеленістен кейінгі реттеу және сауықтыру процессінде лайықты роль атқаруын қамтамасыз ету қажет", -деді мемлекет басшысы.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстан ұйымға мүше елдерге ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың өзіндік "Жол карасын" ұсынбақ ниетте. "Ол ауқымды еуразиялық кеңістіктегі барлық шиеленісте болған қоғамдар үшін пайдалы болмақ. Біздің барлық күш-жігеріміз бен тәжірибеміз бір ғана жайтты аңғартады - мәдениеттер мен өрткениттер арасындағы диалог тек қажет қана емес, ол мүмкін де. Осындай жағдайда ғана екі жақты қарсылас кейпінде танытатын қиратқыш қатып қалған қағидаларды еңсеруге болады", - деді Н. Назарбаев.