Е.Ашықбаевтың айтуынша, шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары М.Ваисовтың басшылығындағы мүдделі мемлекеттік органдардан құралған делегация, Еуропалық Комиссия Хатшылығы, Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстанда аккредитацияланған Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері қатысады.
Отырыс күн тәртібі сауда, инвестиция, энергетикалық ықпалдастық және көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың көкейтесті мәселелерін қамтиды.
Ал 1 желтоқсанда Астанада "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Сот әділдігі және құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің 5-ші отырысы өтеді. Оның жұмысына ҚР индустрия және сауда вице-министрі А.Баталовтың басшылығындағы мүдделі мемлекеттік органдардан құралған делегация, Еуропалық Комиссия Хатшылығы, Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстанда аккредитацияланған Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері қатысады.
Отырыс күн тәртібімен көші-қон және шекараларды қорғау, терроризм және есірткі тасымалдауға қарсы күрес, сот билігі мен заң үстемдігін нығайту мәселелері талқыланбақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті