Қазақстан мен Германиялық кәсіпкерлер ақпараттық технологиялар, өндіруге болатын қуат пен білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші

Неміс өкілдері Алматыға болашақ әріптестер іздеу, іскерлік ынтымақтастық аясын кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру мақсатымен келген.
Кездесу барысында тараптар технологиялық саябақты дамыту саласындағы, өндіруге болатын қуатты пайдалану, кәсіби мамандарды дайындау және қайта оқыту саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.
Неміс өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде Қ.Бөкенов : "Алматы туристік орталық ретінде дамиды. Сол себепті көлік пен инфрақұрылымды дамыту үшін көп нәрсе тындыру керек",- деді. "Біздің пайымдауымызша, 2005-жылы жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі былтырғыдан 20 процент артық болады. Ал 2006-жылы биылғымен салыстырғанда 40 процентке артуға тиіс. Бұл қаржы бірінші кезекте электр энергетикасын дамыту, жолдар мен жолдар желісін тартуға жұмсалады",- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Өз кезегінде Саксония аймағының экономика және еңбек жөніндегі мемлекеттік хатшысы Кристоф Хаберман өз елінің кәсіпорындары "Қазақстан мен ГФР арасындағы ынтымақтастықты дамытуда айтулы әріптестер болып табылады", -деді. Оның айтуынша, "бұл кәсіпорындар түрлі рыноктарға бейімделуде, озық технологияларды енгізу және мамандарды жаңаша жағдайға бейімдей дайындауда айрықша тәжірибе жинақтаған".
"Қалада экономиканың нақты секторына арнап мамандар дайындауда өзекті проблемалар баршылық",- деп мәлімдеді Қ.Бөкенов. "Ал ақпараттық технологиялар саябағына келсек, біз ықылас білдірген кәсіпорындарды жаппай саябақта жұмыс істеуге шақырамыз, әркімге орын табылады",- деді Қ.Бөкенов.
Баден- Вюрттенберг федералдық аймағының экономика және еңбек жөніндегі мемлекеттік хатшысы Хорст Мерлендер :"ҚР президентінің экономиканы сан-салалы бағыттарға жіктеу жөніндегі шешімі үлкен қызығушылық тудырды",- деп мәлімдеді. "Баден- Вюрттенберг федералдық аймағының фирмалары 8 жылдан бері Қазақстанға келіп кооперациялық биражаларға атсалысуда. 10 жылдың ішінде Баден- Вюрттенберг пен Қазақстандық фирмалар арасында 200-ден астам кооперациялық және сауда-саттық шарты жасалды. 8 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы 6 есе өсті, 2005-жылдың алғашқы жартысында 50 проценттік өсім тіркелді",- деді Х.Мерлендер.
Қазіргі жағдаймен Алматыда 103 бірлескен және 125 шетелдік кәсіпорындар мен фирмалар тіркелген.
2005-жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық ауқымы 3,5 млрд. евроға жетеді. 2004-жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 2,8 млрд. евроны құрады. 2006-жылы тауар айналымын 4,2 млрд. евроға жеткізу көзделіп отыр.
Қазіргі таңда жалпы тауар айналымы көлемінде Қазақстан экспортының үлесі 60 процентті, Германия экспортының үлесі 40 процентті иемденеді.
1993-жылдан бері Германияның Қазақстан экономикасына жұмсаған тікелей инвестициясының көлемі 40 млрд. долларды құрады.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті