Қазақстан мен Германияның авиациялық билігі халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға көшіру жөнінде ортақ мәмілеге келе алмады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Германияның авиациялық билігі арасындағы келіссөздер 2005-жылдың 28-шілдесінде Астанада өтті. "Өкінішке орай келіссөздерге қатысушылар екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге қол қоюға негіз болатындай біртұтас шешімге келе алмады",- деп хабарлайды әуе компаниясындағылар.

Lufthansa әуе компаниясы сонымен бірге "ұшулар санын қысқартуға мәжбүр болып, Алматы-Франкфурт бағытында аптасына бес рейс қана шығарып отырғанына өкініш білдіретінін" мәлімдейді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың сәуір айында Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанның авиациялық билігіне ресми хат жолдап, онда Алматыға ұшатын рейстерді аптасына 7-ге дейін арттыра сақтай отырып, Астанаға да рейстер шығаруға дайын екенін мәлімдеген. Әзірге Астана-Франкфурт-Астана бағытында қатынайтын рейстер саны әзірге анықталған жоқ.
2005-жылдың 27-наурызы мен 29-қазан аралығындағы жазғы жұмыс кестесіне сәйкес, Lufthansa Алматы-Франкфурт бағытында аптасына бес рейс шығара береді. Әуе компаниясының қысқы жұмыс кестесі әзірге бекітілген жоқ.
ҚР көлік және коммуникация министрлігі 2005-жылдың 1-қыркүйегінен бастап халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
Алматыға тікелей рейстер жасайтын әуе компанияларының арасында Lufthansa, KLM, Turkish Airlines, British Airways, China Southern Airlines, Iran Air, Pakistan International сынды ірі компаниялар бар.