"Бүгінгі күні үкіметаралық комиссияның жетінші отырысында біз талқылаған мәселелер мемлекеттердің екі жақты қатынастарына қатысты болды. Атап айтқанда, туризмнің дамуы сөз болды", - деді Қайрат Сарыбай. "Біз екі жақ та виза режимін оңтайландыру үшін жұмыс істеуге келістік", - деп атап көрсетті ол.
"Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі бүкіл Еуроодақтың дипломатиялық өкілдіктері ішінде Қазақстан азаматтарына виза беру көрсеткіші жөнінен көшбасшылығы бізді қуантады. Алайда, соған қарамастан, тараптар виза режимін жақсарту үшін қолдан келгенді жасауға уәделестік", - деп хабарлады министрдің орынбасары.
Сондай-ақ Қайрат Сарыбай, "Германия үкіметінің бүкіл әлемдегі өзінің отандастарын қолдаудағы тәжірибесі сол сияқты шетелдегі өзінің отандастарын қолдау шараларын жүргізіп отырған Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр", - деп атап өтті.
Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасының (ГФР) Ішкі істер министрлігінің федералдық үкіметтің қоныс аударушылар және азшыл ұлттар мәселесі бойынша өкілетті парламенттік статс-хатшысы Германия Бундестагының депутаты Кристоф Бергнер "неміс делегациясы Қазақстан үкіметінің өкілдерімен және неміс қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен Қазақстанда 2,9 млн еуро сомасында ГФР тарапынан іске асырылып отырған жобаларға қатысты келісімге қол жеткізуді қалайды", - деп хабарлады. "Бірінші кезекте бұл жобалар неміс қоғамын құруға бағытталған. Мәселе Қазақстанда тұратын немістердің мәдени жобалары туралы, бірақ, олардан басқа тек этникалық немістерге ғана емес, Қазақстанның барлық қызығушылық танытқан азаматтарына неміс тілін үйретуге байланысты жобалар бар", - деп түсіндірді Кристоф Бергнер.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл сома "осыған мұқтаж тұлғалардың дербес жобаларын, сондай-ақ, жастармен жұмыс жобаларын қаржыландыруға арналған. Ал жобалардың өте аз бөлігі экономикалық қолдауға арналған". "Біз ашығын айтуымыз керек, бұл жобалар тек этникалық немістерге ғана емес, неміс диаспорасы шоғырланған жерлердегі барлық адамдарға арналған", - деп түсіндірді ол.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің толықтыруына сәйкес, кешегі үкіметаралық комиссияның жетінші отырысы аясында өткен келіссөздерде, сонымен қатар, Берлинде өткен комиссияның алтыншы отырысының қорытындысы бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру барысы, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларында және Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістерді қолдау контекстінде халықты әлеуметтік қорғау саласында өзара ықпалдастықты әрі қарай жалғастыру мүмкіншіліктері анықталды.
Жетінші отырыс қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті