Тараптар екі жақты ынтымақтастыққа, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады.
ҚР СІМ сондай-ақ кеше БҰҰ жүйесінің елімізге жаңадан тағайындалған үйлестірушісі - БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Юрико Шоджимен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық туралы, алдағы жылы осынау халықаралық ұйымның 60 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жұмыстары аясындағы екі жақтың бірлескен қадамдары туралы талқыланды.