Аталған құжат бойынша белгіленген әуе тасымалдаушылар әр тараптан аптасына 5 ретке дейін жиілікпен тұрақты рейстер орындай алады, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде, индонезиялық әуе тасымалдаушылар Астана мен Алматы қалаларына Индонезияның барлық пунктерінен, ал қазақстандық әуе тасымалдаушылар Джакарта мен Денсапар (Бали аралы) қалаларына Қазақстанның кез келген өңірінен рейстер ашуға рұқсаты бар. Оның ішінде қазақстандық әуе тасымалдаушылар 2014-2015 жылғы күзгі-қысқы навигация мерзімінде Алматы - Денсапар бағыты бойынша рейс ашуға ниет білдіруде.