Қазақстан мен Индонезия әуе қатынасын ашу туралы келісуде


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Индонезиямен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды қалайтынын айтты.
           «Сіздің сапарыңыз біз үшін өте маңызды. Ол Қазақстан мен Индонезияның ынтымақтастығын дамыту үшін жаңа серпіліс береді. Біз Индонезиямен қарым-қатынасымқа үлкен қызығушылық танытамыз», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесу кезінде атап көрсетті.
           Қазақстан президенті қазіргі кезде сауда, мәдени алмасу, көлік және өзге салаларды дамыту үшін еш кедергі жоқтығын айтады.
           Индонезия президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты әр қарай кеңейтуді жақтайтынын білдірді.