Қазақстан мен Иран 2008 жылы Амирабад айлағында бірлескен астық терминалын салу мүмкіндігін қарастыруда

"Комиссия қызығушылық танытып отырған екі жақтың министрліктері мен мекемелеріне 2008 жылы Амирабад айлағына (Иран) бірлескен астық терминалын салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды",- деп көрсетілген ҚР көлік және комуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Министрдің сөзіне сүйенсек, үстіміздегі жылы Иранға шығарылған қазақстандық астықтың жалпы көлемі 200 мың тоннаны құраған.

"Біз келесі жылы тек Ақтау айлағы арқылы Иран еліне 250 мың тонна астық сатуды жоспарлап отырмыз", - деді көлік және коммуникация министрлігінің басшысы.

"Біз Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне көшеміз", - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне сүйенсек үстіміздегі жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд. АҚШ долларына жетеді. 2007 жылы бұл көрсеткішті 2 млрд. АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті