Қазақстан мен Иран осы елдің солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда

"Біз Иранның солтүстігінде бірлескен мұнай өңдеу зауытын салу, сондай-ақ, Иранның Атырау қаласында ауқымды мұнайхимиялық кешен құрылысын салуға атсалысу мүмкіндіктерін талқыладық",- деді Иран СІМ.

"Бұл мәселелер үкіметаралық комиссияның кезекті жиынында келісіледі. Бүгінгі комиссия аясында мұнайхимиялық және мұнеай өңдеу зауыттарын салу жөнінде мәмілеге келдік",- деді еліміздің көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

"Иран жағы мұнай өңдеу және мұнайхимиясы салалары бойынша айрықша қызғылықты жобалар мен технологияларды бере алады",- деді ол.

"Мұнай өңдеу зауыты бірлескен негізде салынады",- деді С.Ахметов.

"Иран жағы Иран арқылы өтетін мұнай көлемін одан әрі арттыруға үлкен қызығушылық танытты",- деді еліміздің көлік және коммуникация министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті