Қазақстан мен Иран транзиттік әлеуетті мейлінше жоғары деңгейде пайдалануы тиіс - Иран Ислам Республикасы меджлисінің спикері

Кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады. Мәселен, сұхбатқа қатысушылар екі елдің Қазақстан астығын Иран, Ауғанстан және Парсы шығанағы елдеріне сату жөніндегі SWAP-операцияларына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Г.Ходад-Адель ТМД елдерінің арасынан Қазақстан ең қарқынды дамып келе жатқанын , әлеуметтік-экономикалық жаңартулар саласында жұртшылық мойындаған жетекші ел екенін атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Иран арасында етене жақын достық байланыс орнағанын атай отырып, алдағы уақытта сауда-экономикалық және екі жақты мәдени байланыстар аясының кеңи түсетініне сенім білдірді.
Кездесуде Иранның Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің құрылтайына қатысу мүмкіндіктері де сарапқа салынды.